Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«МӘШҺҮР ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
26-05-2025 10:09
«МӘШҺҮР ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Павлодар облысының білім беру басқармасымен бірлесіп 2025 жылдың 14-16 мамыр аралығында  жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Мәшһүр Жүсіп оқулары» V республикалық байқауының қорытынды кезеңі Екібастұз қаласының Естай атындағы балалар музыкалық мектебінде өткізілді.

Мақсаты – қазақ жазушыларының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, қазақ классикалық әдебиетін зерттеуге қызығушылықты арттыру.

            Павлодар облысынан байқауға 8 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының 2 оқушысы - қалалық, облыстық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» кезеңінің жеңімпаздары: Солтанмұрат Айяулым, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектептің 11 сынып оқушысы және Орал Гульден, Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің 11 сынып оқушысы.

            Байқау қорытындысы бойынша «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағытында - Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушысы Солтанмурат Айяулым - I орынға және«Мәшһур Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» бағытында –  М.Жүсіп атындағы мектебінің оқушысы Орал Гульден - II орынға ие болды  Қатысушылар үшін  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне саяхат ұйымдастырылды.