Қалалық мектептердің ең үздік футболшылары
2025 жылғы 2–5 маусым аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен жазғы «PolyMath-2025» бағдарламасы мен азаматтық-құқықтық бағыттағы «Заң» мектебі аясында «Әр қадаммен: өзіңе апарар жол» атты мини-футбол турнирі өткізілді.
Жарысқа Павлодар қаласының 31 мектебінен №2, 5, 6, 11, 14, 15, 18, 24, 25, 26, 27, 30, 31, 35, 36, 38, 39, 41, 43, 46, Малайсары батыр атындағы мектеп, Ш.Шокин атындағы мектеп-гимназия, М.Әлімбаев, М.Жүсіп, Ә.Бөкейхан, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, Ж.Тәшенев, М.Әуезов атындағы мектептер, Жетекші және Кенжекөл мектептерінің 5–6 сыныптарынан барлығы 248 оқушы жарысқа қатысты.
Финалға 12 команда шықты: № 11, 14, 18, 24, 25, 35, 39, М.Жүсіп, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Кенжекөл мектебі.
Финалдық ойындар қорытындысы бойынша:
І орын– №11, 14, 25 мектептері мен Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицей командалары иеленді.
ІІ орын – №5, 35 мектептері, М.Жүсіп атындағы мектеп пен Кенжекөл мектебінің командалары жеңіп алды.
ІІІ орын – №18, 24, 39 мектептері мен А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп командаларына бұйырды.
Үздік шабуылшылар номинациясы бойынша: Сабит Расул – М.Жүсіп атындағы мектеп оқушысы,Төлеген Мансұр – Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицей оқушысы, Отепов Айдос – №25 мектеп оқушысы, Редько Богдан – А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп оқушысы танылды.
Үздік қорғаушылар ретінде:Лобода Никита – №5 мектеп оқушысы, Арыков Әбіл Мансур – №18 мектеп оқушысы, Ануарбек Асанәлі – №39 мектеп оқушысы, Ермеков Әмірхан – Кенжекөл мектебінің оқушысы марапатталды.
Үздік қақпашылар:Никонов Владимир – №11 мектеп оқушысы, Алиманов Әли – №14 мектеп оқушысы, Сұлтанов Әділ – №24 мектеп оқушысы, Сенбек Әділхан – №35 мектеп оқушысы деп танылды.
Номинанттар орталықтың дипломдарымен және кубоктарымен марапатталды.
