Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
9-11 сынып оқушылары арасындағы ауылдық білім беру ұйымдарының VII облыстық гуманитарлық олимпиадасының қалалық кезеңі
07-09-2026 10:13

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты   қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 4 қыркүйекте 9-11 сынып оқушылары арасында ауылдық VII облыстық гуманитарлық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың оқу мәдениеті мен рухани әлеуетін дамыту, олардың Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиетіне деген танымдық қызығушылығын арттыру. Олимпиада оқушылардың күрделі проблемалық тапсырмаларды шешу, нақты деректерге сүйене отырып өз пікірін дәлелді түрде білдіру және қорғау қабілеттерін анықтауға бағытталған жеке сайыс болып табылады.

Іс-шараға Павлодар қаласының 7 ауылдық жалпы білім беретін мектебінен 9–11-сыныптардың 18 оқушысы қатысты.

Әр сыныптың қатысушыларына мектеп бағдарламасына сәйкес түрлі көркем шығармалар ұсынылды: 9-сыныпқа – Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі мен О. Бөкейдің «Ұйқым келмейді» шығармасы; 10-сыныпқа – Абайдың «Қарасөздері» және Қ. Жұмаділовтің «Тағдыр» романы; 11-сыныпқа – М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы және М. Мағауиннің «Аласапыран» роман-дилогиясы.

Олимпиада үш кезеңде өткізілді. І кезеңде алдын ала оқуға ұсынылған көркем шығармалар негізінде әзірленген үш тақырыптың біріне эссе жазылды. ІІ кезеңде 25 тест тапсырмасы орындалды. ІІІ кезеңде шығармалар бойынша шығармашылық және талдамалық тапсырмалар орындалды: шығармадан берілген үзіндіні жалғастыру және оның тақырыбы мен идеясына қатысты өзіндік көзқарасын білдіру, шығармадағы өзекті мәселелерге сыни талдау жасау, сондай-ақ көркем мәтіндегі сөйлемге кешенді талдау жүргізу.

Олимпиада қорытындысы бойынша бір оқушы І дәрежелі дипломмен, бір оқушы ІІ дәрежелі дипломмен және алты оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

І дәрежелі диплом иегері № 38 мектептің 9-сынып оқушысы Жаку Фатима атанды.

ІІ дәрежелі дипломмен Жетекші мектебінің 9-сынып оқушысы Ибраева Айсұлу марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломдармен № 31 орта мектептің оқушысы Толеубаева Жазира; № 33 орта мектептің оқушылары Барабанова Алина, Касенова Рахиля және Сидорова Елизавета; Кенжекөл мектебінің оқушысы Хомар Аружан, сондай-ақ Жетекші мектебінің оқушысы Жұмабай Ясира марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Қалалық кезеңнің жеңімпаздары ағымдағы жылдың қазан айында өтетін олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.