Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Менің отбасым-менің тірегім» атты спорттық-зияткерлік конкурс
10-09-2026 16:01
«Менің отбасым-менің тірегім» атты спорттық-зияткерлік конкурс

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығыныңұйымдастыруымен 2026 жылдың 10 қыркүйек күні Отбасылық күніне орай «Менің отбасым-менің тірегім» атты спорттық-зияткерлік конкурс өткізілді.

КонкурсқаПавлодар қаласының  №2,7,11,15,16,18,27,29,30,33,35,39,40,43,47,48,М.Әуезов,Қ.Бекқожин,К.Макпалеев,  М.Жүсіп,А.Шамкенов,А.Байтұрсынұлы,Жетекші,М.Әлімбаев,С.Торайғыроватындағы жалпыортабілім беретін мектептерінің отбасыларықатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-ана мен бала арасындағы байланысты арттыру және спортқа деген қызығушылықты қалыптастыру.

Конкурс барысында қатысушылар түрлі қызықты тапсырмалар мен белгіленген 5 станциялардан өтіп, шапшаңдық, ептілік, тапқырлық және командалық бірліктерін көрсетті.

Байқау қатысушылары үшін іс-шара көтеріңкі көңіл-күйге, жағымды эмоцияға және отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға толы болды.

I дәрежелі дипломмен – №7 жалпы орта білім беру  мектебінің Курмантаевтар отбасы марапатталды.

II дәрежелі дипломмен – М.Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің Даутбаевтар отбасы, №35 жалпы орта білім беру мектебінің Баймұса отбасы, №39 жалпы орта білім беру мектебінің Рахимжановтар отбасы, №43 жалпы орта білім беру мектебінің Амангелді отбасы, №47 жалпы орта білім беру мектебінің Лаззат отбасы марапатталды.

III дәрежелі дипломмен – №48 жалпы орта білім беру мектебінің Өмірбек отбасы, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің Уразбай отбасы, Қ.Бекқожин атындағы жалпы орта біілм беру  мектебінің Қайрбековтар отбасы, М.Жүсіп атындағы жалпы орта білім беру мектебінің Байдүйсен отбасы, Қ.Мақпалеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің Артемов отбасы, С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің Кисановтар отбасы марапатталды.

Аталған іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасылық бірлікті нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосты.