Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Махамбет оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңі
23-09-2026 15:31
«Махамбет оқулары» республикалық байқауының  облыстық кезеңі

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 22 қыркүйекте облыстық дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында 8-11 сынып оқушылар арасындағы республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Іс-шараға 3 қаланың, 10 ауданның жалпы білім беру ұйымдарының               70 оқушысы және дарынды балаларға арналған 10 мамандандырылған мектеп, оның ішінде Павлодар қаласының № 27,  38, Мәшһүр Жүсіп атындағы (2), Ж.Тәшенев атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің қалалық кезең жеңімпаздары қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша 3 қатысушы жүлдегер атанды, оның ішінде: І орын – 1, ІІ орын – 1, ІІІ орын – 1 және Құрмет грамотасымен М.Жүсіп атындағы мектебінің 10 сынып оқушысы Хамзин Ерасыл.

  • «Ұлы арман» бағытында І дәрежелі дипломмен - № 27 мектебінің 10 сынып оқушысы Иванова Алена;
  • «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» (тақырып қорғау) бағытында  ІІ дәрежелі дипломменМәшһүр Жүсіпатындағы мектебінің9 сынып оқушысы Секер Балжан;

«Тартынбай сөйлер асылмын...»бағытындаІІІ  дәрежелі дипломмен Ж.Тәшенев атындағымектебінің 10 сынып оқушысы Ерсін Жазира иеленді.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды.