«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 22 қыркүйекте облыстық дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында 8-11 сынып оқушылар арасындағы республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Іс-шараға 3 қаланың, 10 ауданның жалпы білім беру ұйымдарының 70 оқушысы және дарынды балаларға арналған 10 мамандандырылған мектеп, оның ішінде Павлодар қаласының № 27, 38, Мәшһүр Жүсіп атындағы (2), Ж.Тәшенев атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің қалалық кезең жеңімпаздары қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша 3 қатысушы жүлдегер атанды, оның ішінде: І орын – 1, ІІ орын – 1, ІІІ орын – 1 және Құрмет грамотасымен М.Жүсіп атындағы мектебінің 10 сынып оқушысы Хамзин Ерасыл.
- «Ұлы арман» бағытында І дәрежелі дипломмен - № 27 мектебінің 10 сынып оқушысы Иванова Алена;
- «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» (тақырып қорғау) бағытында ІІ дәрежелі дипломменМәшһүр Жүсіпатындағы мектебінің9 сынып оқушысы Секер Балжан;
«Тартынбай сөйлер асылмын...»бағытындаІІІ дәрежелі дипломмен Ж.Тәшенев атындағымектебінің 10 сынып оқушысы Ерсін Жазира иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды.
