Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Павлодарда ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті
14-10-2026 14:18
Павлодарда ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті

Павлодарда ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті

 

2026 жылғы 13 қазанда Павлодар қаласындағы Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті.

Конкурс екі бағыт бойынша 19 секцияда ұйымдастырылды: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.

Жаратылыстану-математикалық бағытқа «Физика», «Жер және ғарыш. Астрономия», «Математика. Қолданбалы математика», «Робототехника. STEM», «Экономика және қаржы», «Креативті индустриялар», «Ақпараттық жүйелер мен технологиялар. Есептеу нейроғылымы», «География және туризм», «Химия. Қоршаған орта химиясы», «Биология және өмір туралы ғылымдар. Биохимия» және «Экология» секциялары енді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт «Тіл білімі (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)», «Әдебиет (қазақ, орыс әдебиеті)», «Тарих. Адам және қоғам», «Әлемдік мәдени мұра. Түркітілдес елдер мен қазақ халқының мәдениеті. Әлем халықтарының этнографиясы», сондай-ақ «Әлеуметтік желілер және маркетинг» секцияларымен ұсынылды.

Конкурсқа қаланың 40 жалпы білім беретін мектебінен 267 оқушы қатысты. Зерттеу жобаларын қорғау қорытындысы бойынша 193 қатысушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Атап айтқанда, 25 қатысушы I дәрежелі дипломмен, 79 қатысушы II дәрежелі дипломмен, 89 қатысушы III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сонымен қатар мектеп командаларының нәтижелері де ерекше атап өтілді. «Ең үздік қалалық команда» номинациясы бойынша:

  •  I дәрежелі дипломмен № 25 орта мектеп марапатталды.
  • II дәрежелі диплом Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебі, №  2, 35, 47, Ж.Тәшенев атындағы мектептерге берілді.
  • III дәрежелі диплом Ә.Бөкейхан атындағы лицей-меткебі, 7, 11, 17, 29, М.Әуезов атындағы, Кенжекөл мектептеріне табысталды.

I және II орын алған зерттеу жобаларының авторлары конкурстың облыстық кезеңінің іріктеу турына қатысады.