«Үлкен үзіліс» қалалық жобасының басталуы
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 22–23 қазанда «Үлкен үзіліс» қалалық жобасы өткізілді.
2026-2027 оқу жылында «Үлкен үзіліс» жобасына Павлодар қаласының
34 жалпы орта білім беру мектептері тіркелді.
Жобаның мақсаты – сынып ұжымдарының шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.
Жоба оқу жылы бойы жүзеге асырылып, 7 кезеңді қамтиды. Әр кезеңнің қорытындысы бойынша сынақтар нәтижесінде ең аз ұпай жинаған төрт команда жобадан шығарылады.
«Үлкен үзіліс » қалалық жобасының бірінші кезеңі аясында № 6 жалпы орта білім беру мектебінің спорт залында қызықты спорттық эстафета ұйымдастырылды.
Қатысушылар өздерінің спорттық дағдыларын, ептілігін, жылдамдығын және командалық жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Эстафета бағдарламасына «Прыгуны», «Cup Tower Challenge», «Палка-квест», «Переправа» және «Нысанаға дәл тигіз» атты спорттық-сауықтыру сынақтары енгізілді.
Әрбір тапсырма оқушылардан дене дайындығымен қатар өзара көмек көрсетуді, бірлескен іс-қимылды үйлестіруді және ортақ нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуды талап етті.
Жоба шарттарына сәйкес, бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша №18, Қ.Мақпалеева, Р.Нұртазина және С.Торайғыров атындағы жалпы білім беретін мектептердің командалары жобадағы жарыс жолын аяқтады. Қалған командалар келесі кезеңдерде өзара бақ сынауды жалғастырады.
