Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Облыстық «Ұланбыз – ұлттың үміті Жайдарлы Жас Өнер»
09-11-2026 12:19
Облыстық «Ұланбыз – ұлттың үміті Жайдарлы Жас Өнер»

Облыстық «Ұланбыз – ұлттың үміті Жайдарлы Жас Өнер» мектеп парламенттері командалары арасындағы зияткерлік байқауының қалалық кезеңін қорытындысы.

 

2026 жылғы 9 қараша күні«Павлодар дарыны»бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Павлодар КТА лигасы мен Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы бірлесе № 25 жалпы орта мектебінде облыстық «Ұланбыз – ұлттың үміті Жайдарлы Жас Өнер» мектеп парламенттері командалары арасындағы зияткерлік байқауының қалалық кезеңін өткізді.

Байқауға Павлодар қаласының мектептерінен 22 команда (220 қатысушы) қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, тапқырлығын, әзіл-қалжыңға деген шеберліктерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша І орын – Б.Момышұлы атындағы мектеп командасы, ІІ орын – № 25 мектеп, ІІІ орынды – Ж.Тәшенев атындағы, № 41 мектептерінің командалары иеленді.

«Үздік команда» номинациясы - № 43 жалпы орта білім беру мектебі, «Үздік әзіл» номинациясы – М.Жүсіп атындағы жалпы орта мектебі, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша - № 47 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Мұратбек Мөлдір атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің дипломдары, кубоктармен және Павлодар КТА лигасының ақшалай сыйлықақысымен марапатталды.

Жеңімпаз командалар 2026 жылғы 13 қарашадағы облыстық кезеңге қатысады.