Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Физика бойынша қалалық жасөспірімдер олимпиадасы
04-10-2019 15:48
Физика бойынша  қалалық  жасөспірімдер  олимпиадасы

Павлодар қаласының № 7 мектебінде 2019 жылы 4 қазанда 7- 8 сынып оқушылары арасында физика бойынша  ІІІ қалалық  жасөспірімдер  олимпиадасы өтті.

 Олимпиадаға  қаланың 28 жалпы білім мектептерінің (К. Макпалеев, М. Әуезов, Б. Момышұлы, № 1, 2, 5, 7, 9, 11,13, 16, 17, 18, 19, 21, 25, 29, 30, 33, 34, 35, 39, Жетекші ЖОМ) оқушылары қатысты.

Олимпиада 2 турдан тұрды. Олимпиадалық тапсырмалар күрделігіне қарай әр түрлі. Екінші  турда оқушыларға  екі тәжірибе жүргізу ұсынылды, орындау үшін құралдармен жұмыс және  физика білімі қажет. Олимпиада қорытындысы бойынша, жоғарғы нәтиже көрсеткен оқушылар

І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. І орынға физика пәні бойынша жақсы білім көрсеткен № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ботай Аман, ІІ орынға № 9 ЖОМГ  8 сынып оқушысы Кабдулмажит Мұса, № 13 ЖОМ Хисматулин Данил, № 17 ЖОМ Юхтовский Данил, № 34 ЖОМ Халимов Артур, ІІІ орынға № 18 ЖОМ 8 сынып оқушысы Лысак София, № 19 ЖОМ Достанов Дильшат, № 21 ЖОМ Окасова Айгерім, № 35 ЖОМ Алькеев Даир иеленді. І және II орынға ие болған оқушылар, 12 қарашада облыстық жасөспірімдер  олимпиадасына қатысады.