"Өзін - өзі тану" пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне облыстың 9-11 сынып оқушыларының 75 оқушысы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты - балаларға рухани - адамгершілік тәрбие беру, құндылықты бағдарларды қалыптастыру, шығармашылық әлеуетті дамыту, шығармашылық қызметте өзін-өзі танытуға ұмтылуды ынталандыру, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі тануға жеке қасиеттерді көрсету.
Қала намысын № 9 ЖОГМ, №20 ЛМ, №29 ЖОМ оқушылары қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен №9 гимназия-мектебінің 9 сынып оқушысы Гармазов Артем, № 29 мектебінің 10 сынып оқушысы Капустянская Арина, № 20 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Исенова Айдана марапатталды.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші турда қатысушылар тест тапсырмаларына жауап берді. Екінші турда оқушылар ұсынылған тақырыптардың жобаларын қорғады.
Олимпиада 2020 жылдың 26 ақпанында Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 10 мектеп-лицейінде өтті.
Олимпиада жеңімпаздары Павлодар облысының құрамына еніп, сәуір айында Талдықорған қаласында өтетін республикалық олимпиаданың соңғы кезеңіне қатысады.