Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Спорттық жарыстар «Шаңғы жарысы!»
03-02-2021 11:36
Спорттық жарыстар «Шаңғы жарысы!»

Спорттық жарыстар «Шаңғы жарысы!»

Қыс-мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізу үшін жылдың тамаша уақыты. Таза ауада өткізілетін іс-шаралар қысқы спорт түрлерімен таныстыруға, тұрақты дене шынықтырумен айналысуға, мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық жағдайын арттыруға, ең бастысы шынықтыру әсеріне ие болуға мүмкіндік береді.

2021 жылдың 3 ақпанында Павлодар қ. №29 балабақша тәрбиеленушілерін ашық күнмен және мамық қармен қарсы алды.

Шаңғы жарысына мектепалды «Б» тобының тәрбиеленушілері қатысты. Дәстүр бойынша жарыс жас спортшылардың жаттығуларынан басталды. Одан әрі балаларды 200 м қашықтық күтіп тұрды. Балалардың әрқайсысы үздік нәтиже көрсетуге ұмтылды. Шаңғы жарыстарын қорытындылай келе, барлық қатысушылар үлкен сергектік, көптеген жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй алғанын атап өтуге болады. Біздің жас спортшыларымызға алдағы уақытта спорттық табыстар мен көптеген жылдарға мықты денсаулық тілейміз!