Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«STEM-технологиясын мектепке дейінгі оқуға кірістіріп ұйымдастыру шараларын жасау» атты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған республикалық семинары
19-02-2021 13:53
«STEM-технологиясын мектепке дейінгі оқуға  кірістіріп ұйымдастыру шараларын жасау» атты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған республикалық семинары

 2021 жылғы 18 ақпан күні №29 бала бақшаның басшысы О.А.Рысай және методист А.Г.Терешкина  «STEM-технологиясын мектепке дейінгі оқуға
кірістіріп ұйымдастыру шараларын жасау» атты  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «САНА» зияткерлік орталығының білім беру платформасында республикалык онлайн семинар өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты мұғалімдерге мектеп жасына дейінгі балаларда инженерлік ойлауды, интеллектуалды қабілеттерді дамытуға бағытталған оқу үдерісін ұйымдастыруда практикалық және әдістемелік көмек көрсету болды. «STEM - білім ...» бағдарламасын тәжірибеде қолдану.

         Семинар барысында STEM технологиясы - мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының жаңа кезеңі туралы сұрақтар қарастырылды, білім беру үдерісіне STEM құзыреттілік модульдерін интеграциялау туралы егжей тегжейлі тоқталды. Семинар соңында мұғалімдерге синквейн құрастыру ұсынылды. Содан кейін Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарының мұғалімдері семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Әріптестердің пікірлері бойынша біз бұл жұмыс формасы мұғалімдер үшін қызықты, танымды болды деп қорытындылай аламыз, семинар нәтижелі және пайдалы болды. Осы форматтағы мұғалімдердің ынтымақтастығын жалғастыруға тілектер айтылды.