«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 30 жұлдызды күн» жоспарын іске асыру мақсатындаересек «Б» тобының тәрбиешілері Н.А. Тисленко, И.Н. Репина «Қазақстан бойынша саяхат» сабағын өткізді.
Топта сабаққа дайындық кезінде ата-аналармен бірге «Қазақстан байлығы» шағын мұражайы ресімделді, онда пайдалы қазбалар, мақта, бидай масақтары, күріш, апорт алмалары, түрлі тұқымды сүректер ұсынылды.
Сабақ пойызбен саяхат түрінде өткізілді. Қазақстан қалаларына саяхат жасау кезінде тәрбиеленушілер Нұр-сұлтан, Алматы, Байқоңыр, Екібастұз, Майқайың кенті сияқты қалалардың көрікті жерлерімен, еліміздің табиғатымен, елімізде өндірілетін пайдалы қазбалармен танысты.
Біздің топтың балалары: Асаинова Альмина, Кирей Мариям, Лихачев Рома, Пузеп Ульяна, Русинович Алиса, Прокофьев Даниль, Алтухова Ева, Бирт Мария өздерінің ата-аналарымен қайда болғаны туралы, қандай қызықты және таңқаларлық жерлерді көргендері туралы, өз әсерлерімен, фото және бейнематериалдарымен, біздің еліміз Қазақстан туралы бөлісті.
