«Алтын күз бізге қонаққа келді»
Біздің балабақшада балаларға арналған «Алтын күз бізге қонаққа келді» атты ойын-сауықтар басталды. Балабақшадағы мереке - бұл әрдайым таңғажайып ғажайыптар, сиқырлы бояулар, жарқын күлкі. Бөбектерге қонаққа сұлу «Күз» ханшайымы келіп, олармен бірге ән айтып, би билеп, түрлі қызықты ойындар ойнады. Күз мерекесі - біздің бүлдіршіңдердің сүйікті мерекесі. Тәрбиеленушілер көптеген жағымды эмоцияларға ие болды.
