Тәуелсіздік құрдастары
Біздің еліміздің тарихында бұл ерекше күн. 30 жылдық Тәуелсіздік мерей тойын Қазақстан және оның құрдастары бірге тойлауда. Бүгін біздің балабақшамызда Тәуелсіздік құрдастары: информатика мұғалімі -О.М.Апсаликов, орыс тілі мұғалімі- Л.Ж. Жантемирова, тәрбиеші-З.Ж.Кузьговамен кездезу өтті. 30 жылдың ішінде еліміз оларды лайықты азамат (ша) өсіріп жеткізді. Оларда мемлекет сияқты биік жетістіктерге және табыстарға жетуге талпынады. Олар Тәуелсіздіктің құрдастары, мақсатшыл , патриотты , батыл жастар. Біздің еліміздің болашағы жастардың қолында.
