Қазақстан халқының бірлігі күні
Қазақстан халқының бірлігі күні – Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтардың бірлігі мерекесі. 1 мамыр қарсаңында балабақшада мектепалды топтарында ойын-сауықтар өтті. Мерекеде балалар ұлттық ойындар ойнады, достық туралы мақал-мәтелдер айтты, әндер айтты, әртүрлі тілдерде өлеңдер оқыды, осылайша олар дос бола алатындығын және бір-біріне көмектесетінін дәлелдеді. Мереке достық туралы көңілді әнмен аяқталды.
