Ашық сабақ
Балабақшамызда тәрбиешілерді аттестациялау аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың ашық көрсетілімі өткізілуде. Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесінде және жалпы оқу процесінде оқу іс-әрекетінің ашық көрсетілімдері маңызды рөл атқарады. Олар әріптестердің қалай жұмыс істейтінін көруге, олардың оң тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Тәрбиеші Захарова Н.А. мектепалды тобында ата-аналармен және балалармен бірге «Кім болу керек?» тақырыбында жобалық іс-шаралар ұйымдастырды. Ойын түрінде балалар мамандықтар туралы ойларын бекітті, ата-аналар әр мамандыққа сай киізден «Ғажайып орындық» атрибуттарын жасады.
