«Жылдам, жоғары, күшті»
Біздің Балабақшамызда мектепалды топтары арасында «Жылдам, жоғары, күшті» атты спорттық сайыстар өткізілді. Қатысушылар күш, ептілік, төзімділікпен қатар, топта жұмыс істей білу, бір-бірін сезіну және барлық істе қолдау көрсету қабілетін көрсетті.
