«Жақында мектепке барамыз» ата-аналар жиналысы
Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарын балаларды мектепке дайындау жүйесімен таныстыру мақсатында «Жақында мектепке барамыз» ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар алдында 26 және 37 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімдері сөз сөйледі. Олар «Мектепке барар жолда» тақырыбында презентация көрсетті, әрқайсысын өз мектебімен, шарттарымен, жұмыс істейтін бағдарламасымен таныстырды. Олар ата-аналарға балалардың мектепке түсуі туралы қажетті кеңестер берді, соңымен қатар, әңгіме барысында туындаған сұрақтарға жауап берді, ата-аналардың назарына жадынамалар, болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған ұсыныстар ұсынды.
