"Мектепке таңғажайып серуен"
Бұл жай ғана серуен емес, болашаққа жасалған нағыз саяхат. Мектепке дейінгі балалар үшін бәрі де алғашқы рет болды: мектептің жаңғырық дәліздері мен нағыз парталар; қызықты кітаптарға толы үлкен кітапхана; "үлкен" оқушылар жаттығатын кең спорт залы; ең қызығы – үзіліске шақыратын қоңырау! Мұндай кездесулер балаларға мектептің еш қорқынышты емес, керісінше, өте қызықты әрі танымдық екенін түсінуге көмектеседі.№26 және №37 мектеп ұжымдарына жылы қабылдағандары үшін үлкен рахмет!

