«Сүйікті кейіпкерлер фестивалі»
Балабақшамызда «Сүйікті кейіпкерлер фестивалі» атты жарқын музыкалық ойын-сауық іс-шарасы өтті. Балалар өздерінің сүйікті ертегі және мультфильм кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, ерекше костюмдермен мерекенің сәнін келтірді. Көтеріңкі көңіл-күй мен шат күлкі мерекеге ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара барысында балалар ән айтып, би биледі, қызықты ойындар ойнап, түрлі сайыстар мен тапсырмаларға белсене қатысты. Әр бала өз қиялын, шығармашылығын және өнерін көрсете білді.
