«Цифрлық иммунитет»
«Цифрлық иммунитет»: әр жас тобында сәбилердің киберқауіпсіздігі туралы ата-аналармен кездесу өтті. Қазіргі заманда балалар жүріп-тұруды және сөйлеуді үйренбес бұрын-ақ смартфондар мен планшеттерді игере бастайды. Виртуалды кеңістікті бала үшін қауіп-қатер көзі емес, қауіпсіз даму ортасы ретінде қалай сақтауға болады? Осы мәселеге арналған «Сәби жастан бастап киберқауіпсіздік» тақырыбындағы ата-аналармен ашық әңгіме өтті.









