Қариялар күні қазан айында белгіленген. қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп келе жатқан жастардың міндеті. Ол кісілерді ұмытпай, ақылдарын тыңдап, көмектесу бәріміздің міндетіміз.
Міне бүгін біздің балабақшада, арамыздағы алғашқы педагог-зейнеткерімізге арналған құрмет көрсету концерті өтті.
Тұла бойың тұнған сабыр,
Кешірім,
Айқара аштың бізге білім есігін.
Өр тұлғаңды балап шыңға,
Ұстазым,
Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!
Бала елдің болашағы болғанда,
Зор пайданы тигізесің қоғамға.
Мамандығың - кәсіптердің абзалы,
Адамдығың қымбат бізге одан да.
Ашық болсын нұрға толы көгіміз,
Аман болсын еліміз бен жеріміз.
Аманаттап тапсырамыз тағдырды -
Анамыз деп қабылдадық сені біз!
Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,
Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!
