Дене шынықтыру бойынша жас маман
отбасылық спорттық шара өткізді.
Бүгін, қазанның 14 жұлдызында «Әкем, анам және мен спорттық отбасымыз!» атты іс-шара жалғасты. Оны біздің бақшаның жас маманы дайындап, өткізді.
Осы күні «А» естияр тобының тәрбиешілері қатысушылардың отбасы мүшелерін шақыруға атсалысты. Төрт отбасы спорттық дайындықтарын көрсете білді.
Спорттық ойын сауық кештің женімпаздары Болтқожа, Төлегеновтер, Кучуковтар және Бектұрсұновтар отбасы болды. Әр отбасы мадақтау қағаздарымен марапатталды.
Спорт – әрқашан да салауатты өмір салты. Үлкендер мәреге жетемін деп ұмтылып, белсене қатысты. Өйткені, олар өз балалары үшін еліктеуіш тұлға ретінде болып келеді. Осындай әкелерге қараған сайын, болшақта баланың спортпен шұғылданатыны бірден-ақ белгілі болады.
