Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Ашық есік күні»
10-11-2011 09:17
«Ашық есік күні»

«Ашық есік күні»

 10 қараша күні біздің балабақша есігі тек қана бүлдіршіндерге ғана емес, сонымен қатар олардың әке-шешелеріне, ата мен әжелеріне ашылды. Күн топтарда өтетін таңғы тәртіптерінен басталды. Қызықты таңғы жаттығу мен таңғы жиін, таңғы асты ұйымдастыру және өткіздіруді көрді. Одан кейін үлкендерге сирек кездесетiн мүмкiндiк болды: олар сабақтарға қатысып өз көздерімен баланың тіл дамыту, математика сабағында қандай білім алды, логопедтің сабағында, қазақ тілі сабақтарында білім алып, тапсырмаларды қалай орындағаның көре алды, баланың ойын кезінде құрбыларымен қарым-қатынасын бақылап алды. Сабақтардан кейін ата-аналарға балабақшаның әдістемелік құралдары мен әдебиетінің көрмесі ұйымдастырылды, «Біздің күзгі мерекелер», «Балалардың балабақшаға қатысуын талдау», «Балалардың ауруларын талдау», «Психологтың диагностикасының есебі» туралы балабақша ұжымының жұмысының таныстыру рәсімі өтті.  Таныстыру рәсіміден кейін ата-аналарға сауалнаманың сұрақтарына жауап беруге ұсыныс берілді. Ашық есік күні аяғына жетіп ата-анлар өздерінің пікірлері мен тілектерін айтып, балабақша жұмысымен жақын танысуға мүмкіндік берген үшін балабақша ұжымына алғысын білдіріп басшыға осындай күндер жиі ұйымдастырып отырыңыз деп, пікірлірін айтты. Ертең топтарда тағы да балалардың күлкілері қайта естiледi, ал ата-аналар бала тәрбиешінің сенiмдi қолдарында болады деп, жеңiл жүрекпен өз ересек iстерiмен шұғылданады.