"Қыз сыны" сайысы
Сайысқа қатысқан қыздар көрермендерге өз өнерлерін көрсетті. Сұлу, әдемі, ақылды және әсемпаз қыздар, өздеріне арналған тапсырмалардың бәрін орындап, өздерінің ән айту, би билеу, шеберліктерімен көрермендердің сүйіспеншіліктеріне бөленді. Оларға ата-аналары жақсы қолдау көрсетті. Жеңімпаз қыз бен қатысушыларға ескерткіш сыйлықтар табысталды. Мереке шынымен қызықты өтті, бастысы әдемі болды.
