"Алақай! Бізге сүйікт цирк келді"
Естияр тобында дене шынықтыру сабағы ерекше басталды. Көңілді клоун барлық балаларды циркке шақырды. Цирк аренасында балалар аттар болып жүгірді, штангыларды көтерді, акробаттарға да айналды, аюға да, иттерге де айналып, клоун да болып ойнады. Барлық жаттығулар "цирк әртістерімен" қызықты да көңілді орындалды.
