Наурыз - көктем мерекесі!
Көне парсы тілінен қазақша аударғанда «Жаңа күн» деген мағына беретін Наурыз– жыл басы.
Наурыздың өзіне тән салтына бағына отырып, әрбіріміз өткен жылғы өкпемізді ұмытып, татуласайық. Үлкендердің ақ батасын алып, бір-бірімізге ізгі тілек айтайық. Наурызда айтылған барлық жақсы тілек орындалады деп жатады ғой. Наурыз барлығыңызға құт әкелсін!
