"Көктем - 2012" сайысы
Наурыздың қарсы алдында біздің балабақшада қызметкерлердің арасында сайыс өтті. Әр топ қызық тапсырмалар орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Би билеп, ән айтып, үйде дайындап әкелген ұлттық тағамдарын қорғады. Сайыста жеңілген топ болған жоқ. Барлық топ сайыстан жағымды әсер алды. Барлықтарыңызды мерекеңізбен!
