Оқу үдерісінің барлық қатысушыларын қауіпсіздікпен қамтамасыздандыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, өрт жағдайы болған кезде балалар мен қызметкерлерді эвакуациялау жоспарын тәжірибелік өңдеу мақсатында, 2 мамыр күні, біздің балабақшада өрт дабылы сигналы бойынша оқыту жүргізілді. Сағат 10.00-де балабақша қызметкерлері өрт дабылы жөнінде хабардар болды. Эвакуация жоспарына сәйкес барлық топ қызметкерлері балабақшадан балаларды кешіктірмей шығара бастады. Эвакуациялау алаңында балабақша басшысы О.А.Рысай балалардың тізімдік құрамын тексерді. Топ тәрбиешілері тізімдік құрамға сәйкес балалардың келуін және эвакуацияланған балалар санын тексеріп шықты. Қызметкерлер тыныштық пен ұстанымдылықтарын сақтады және де өз қылықтарымен алаңдаушылыққа жол берген жоқ. Балабақша ұжымы мұндай іс-шараларды жиі өткізу қажет екенін айтып, сондай-ақ МДМ тәрбиеленушілерімен өрт қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізудің маңызды екенін атап өтті.
Балабақшада өрт дабылы сигналы
