Қазына іздеушілер
Бүгін балабақшаның ересек топтарының балаларын қайғылы жаңалықтар тосты. Таң ертең балабақшада, шақырылмаған қонақ - Мыстан кемпір болыпты. Ол шырынды ұрлап, сыйқырлы орманда тығып қойыпты. Барлығы сыйқырлы орманға аттанып, қазына іздеді. Орманда балаларды қызықты жаттығулар мен тапсырмалар тосты, оларды орындап, балалар ескі үңгірден қазынаны іздеп тапты.
