Балабақша ұжымы Азиза Азатқызыны жеңіспен құттықтайды!
Бүгін "Инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің" облыстық кезеңі өтті, онда біздің балабақшаның информатика мұғалімі Азиза Азатқызы Рахимбекова қатысты. Ол өзі құрастырған "Информатиканың ертегі әлемі" атты 4-7 жастағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бағдарламасын ұсынды. Ол "ІІ Дәрежелі Дипломмен" марапатталды, осы диплом оған Республикалық инновациялық-педагогикалық идеяларының фестиваліне қатысуға мүмкіндік береді. Балабақша ұжымы Азиза Азатқызыны жеңіспен құттықтайды!
