"Өмірдің бір күні ..."
18 қазан күні біздің балабақшада "Павлодар телерадио" ТҚ тілшісі "Өмірдің бір күні ..." бағдарламасының жүргізушісі қонақта болды. Ол бізде тәрбиеші ретінде болды. Ол тәрбиешілермен бірге таңғы жаттығуды өткізді, балалар таңғы асында көмектесті, сабақ өткізуге қатысты, серуенде бірге ойнады. 20 қазанда біздің балабақшаның балалары мен тәрбиешілері "Өмірдің бір күні ..." радио-бағдарламасының қатысушысы атанды.
