"ААФБЕҚ автомектебіндегі экскурсия"
"Ережелердің бәрін біл және әрқашанда орында" атты жоба қарсаңында, ересек тобының балалары ААФБЕҚ автомектебіндегі экскурсияға шықты. Ертегі кейіпкерлері балаларды жол жүру белгілерімен таныстырды. Қызықты да танымды дәрістен кейін балаларға көлік бөлшектерін ұстап көруге рұқсат етілді. Экскурсия өткізуге көмектескен барлық адамдарға ризашылығымызды білдіреміз.
