Біздің педкеңес: «Мектепке дейінгі жастағы балаларда байланыстырып сөйлеуді дамытудың әдістері мен тәсілдері"
Бізде педкеңес болып өтті, басты мақсаты балалармен жұмыс жасау барысында педагогтердің кәсіби біліктіліктерін, тиімділіктерін және деңгейін арттыру, тәжірибелік жұмыс дағдыларымен қаруландыру болып табылды. Әр жастағы топтар байланыстырып сөйлеуді дамыту бойынша өз әдістерін таңдады және сол әдіске тәсілдер қарастырды, содан кейін өздері таңдаған әдіс-тәсілдерді балалармен жұмыс жасауда қалай қолдану керектігін айтып өтті.
