Көркемсурет мұражайына саяхат

Бүгін біздің даярлық тобының балалары Көркемсурет мұражайына экскурсияға шықты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балалар көркемсурет мұражайына барып, ұлы суретшілердің жұмыстарымен танысты, олардың қазақ халқын суреттеген жұмыстарын көрді. Қызықты да танымды дәрістен кейін балаларға Қазақстан жайлы көркемфильм көрсетті. Экскурсия өткізуге көмектескен барлық адамдарға ризашылығымызды білдіреміз.
