Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Конституция күнімен құттықтаймыз!
29-08-2015 14:49
Конституция күнімен құттықтаймыз!

Конституция күнімен құттықтаймыз!

Ата заңымыздың бірінші бабындағы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деген жүрекке жылы тиетін кемел оймен жазылған тәлімді сөздер кімді де болса елжірете түсері қақ.
Ең маңыздысы, тәуелсіз де күшті сот билігі – еліміздегі азаматтардың жақсы өмір сүруге анық та, айқын мақсат қойған әлеуметтік хал-ақуалын, құқықтық қатынастарын, Конституциялық заңдылықпен бекітілген ел тұтастығы мен ұлт бірлігін сақтау жолындағы мемлекет артқан сенімді әділдікпен жүзеге асыруда баянды қызмет көрсете бермек. Бүгінгі Конституция күні – барлығымыз үшін орны бөлек төл мереке. Осы айтулы мерекемен барлығымызды шын жүректен құттықтай отырып, әр отбасына зор денсаулық, бақыт, мол табыс тілейміз!