8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз
Сізді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз. Жылдың әр күні Сізге және сіздің жанұянызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!
Барлық топтар арасында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгіліктер өтті. Балалар ән салып, би билеп, аналарымен ойын ойнап, көңіл көтерді. Балалар өз аналары мен әжелеріне сыйлықтар жасап, сыйлады. Барлық ертеңгіліктер әдемі, қызықты да, қуанышты өтті.
