"Денсаулық фестивалі"
15 қыркүйек күні біздің ересек және даярлық топтарының балалары арасында "Денсаулық фестивалі" өтті. Спорттық ойын сауық "Металлург" саябағында өткізілді. Жарыс екі кезеңнен тұрды. 1 кезеңде ересек топтарының командалары жарысты. Команда аттары: Достық, Күн, Тұлпар. Өте қызу жарыс болды. Бірақ, бірінші орынға Достық пен Күн командалары ие болды, екінші орын Тұлпар командасына берілді.
2 кезең даярлық топтарының арасында өтті. Бірінші орынды Соколята командасы, екінші орынды Күн командасы иеленді. Жарыс өте қызықты да, ерекше өтті. Балалар жаңа күш жинап, сергіп қалды. Барлығы мадақтау қағаздарын алды.
