Біздің балабақшада облыстық семинар
31 қаңтар күні біздің балабақшада "Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие-оқыту үрдісінің білім берушілік салаларының сабақтастығы" атты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған облыстық семинар өтті.
Семинарды облыстық білім басқармасының "Мектепке дейінгі және орта білім беру" бөлімі өткізді. Семинар барысында шығармашылық шеберхана көрмесі көрсетілді, тәрбиешілер мен информатика мұғалімі, ән-күй жетекшісі ашық сабақтар көрсетіп, өз тәжірбиесімен бөлісті.Семинар соңында дөңгелек үстел өтті, онда барлық қатысушылар өз тілектері мен алған әсерлерімен бөлісті. Семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.
