«Ұлы дала ұрпағы» атты сахналық көрініс байқауы
«Рухани жанғыру» бағдарламасы және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» идеясын жүзеге асыру қарсаңында 2019 жылы 11 каңтар күні Павлодар қаласының №6 сәбилер бақшасында «Ұлы дала ұрпағы» атты қалалық театрландырылған қойылымдар байқауы өтті. Қазақ тілі пән мұғалімдері А.Е., Акболина мен Г.Б. Алимканова ересек, дайындық топтарының балаларымен «Қарлығаштың ұясы» атты тарихи аңызбен сайысқа қатысып, ІІІ орынға ие болды. Бұл байқау балалар мен көрермендерге көп жағымды әсер сыйлады.
