"Үздік әдіскер-2019" қалалық байқауы
№ 29 бала бақшада "Үздік әдіскер-2019" қалалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты қаланың шығармашыл, талантты және креативті әдіскерін анықтау болды. Конкурс аясында әдіскерлер «Мен мектепке дейінгі білім беру әдіскері» өзін-өзі таныстыру презентациясын ұсынды, одан әрі «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әдістемелік қызметті жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады. Педагогтар тәжірибемен, көптеген еңбектерімен бөлісті, ал білікті қазылар алқасы кәсіптегі үздіктерді анықтады. Бұл байқауға 7 әдіскер қатысып, олардың әрқайсысы өз жұмысында ең үздік деп аталуға талпынды.
