«Алтын күз» ойын-сауықтары
Біздің күзгі ойын-сауық іс –шарасы «Алтын күз» деп аталды, оған барлық топтардың балалары белсенді қатысты. Балалар күз тақырыбына ән айтып, көңілді ойындар ойнады, тақпақтар оқыды. Мерекеде педагогтар әр түрлі кейіпкерлерге айналды. Балаларға күзгі мереке-бұл қуаныш және жақсы көңіл. Балабақшадағы мереке-бұл тәрбиеленушілердің таңғажайып ғажайыптары,сиқырлы бояулары мен сыңғырлаған күлкілері.
