Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара
Бүгін біздің балабақшада ересек және мектепалды топтары арасында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Отан деген не? Бұл сөзді естігенде бізде қандай ойлар пайда болады? Осындай өзекті мәселелерден салтанатты мереке басталды.
Балалар біздің еліміз Қазақстан Республикасы туралы көп әңгімелесті. Сүйікті Отанына ән, би, өлеңдер арнады.
