Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)605814
Мекенжайы: Павлдодар қ Теплов к 46
8(7182)605814
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі 9.00 - 18.00 дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Арнайы балабақша жағдайында нейрожаттығу элементтерін қолдану»
27-12-2022 21:28
«Арнайы балабақша жағдайында нейрожаттығу элементтерін қолдану»

«Инклюзивтік білім беру» жобасын іске асыру аясында Павлодар қаласының № 26 арнайы балабақшасында «Арнайы балабақша жағдайында нейрожаттығу элементтерін қолдану» тақырыбы бойынша қалалық семинар өтті.

Семинар мақсаты: мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене бітімін жаттықтыру арқылы мидың оң және сол жарты шарлары арасындағы теңгерімді өзара әрекеттесуге қол жеткізу бойынша тәжірибемен бөлісу. Әдіскер Фаруза Ырыспековна Шойынбаева «Арнайы балабақшада нейрогимнастика элементтерін пайдалана отырып әдістемелік жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында сөз алды. Балабақшада педагогтермен және ата-аналармен әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру жайлы мәлімдеді. Мұғалім-логопед Қарлығаш Искаковна Утетилеуова балаға нейрожаттығудың керек екендігін қалай түсінуге болатынын, нейрожаттығудың және кинезиалогоиялық жаттығулардың пайдасы туралы тәжірибесімен бөлісті.. Тәжірибелік бөлімде тәрбиешілер Мөлдір Жанатовна Абишева және Фарида Нарбайқызы Әлтай балалармен музыка сүйемелдеуі арқылы оқу әрекетінен тыс нейрожаттығу элементтерін қалай қолдануға болады екенің көрсетті. Шақырылған қонақтар да балалармен бірге нейрожаттығуларды практика түрінде жасады.