«Шыршаны безендіреміз»
Шырша безендіріледі-
Жаңа жыл келеді.
Жаңа жыл келіп қалады,
Балалар да қуанады!
Шыршаны безендіру- жаңа жыл мерекесінің керемет салты. Жаңа жыл әсері шыршаны безендіретін ойыншықтар салынған қорапшаны әкелгеннен басталады.
Мерекелік көңіл күй шыршаның қаншалықты әдемі безендірілгеніне тікелей байланысты. Балалалар ата – аналармен және тәрбиешілермен бірге қосылып сіріңке қорапшасынан ойыншық жасады. Осындай біріккен жұмыс танымдылықты, зейінді дамытады. Сипап сезу қабілетін дамытады.






