
Президент Қазақстан халқына Жолдауында биылғы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтетінімізді атап өтті.
Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік.
Қазақстан халқына биылғы Жолдауы мынадай мәселелерге арналады.
І. ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
⠀II. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
⠀Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп.
⠀Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде.
⠀Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда.
⠀Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс.
⠀Сондықтан, екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн.
⠀Денсаулық кепілі – дене шынықтыру.
⠀Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да
қайталап айтамын.
⠀Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс.
⠀III. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ
⠀Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға
көбейді.
⠀Алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы 1,2 триллион теңге жұмсаймыз.
⠀Қабылданған шаралар жемісін беріп жатыр. Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға
түскендердің орташа балы күрт өсті.
⠀IV. ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ
⠀V. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ТИІМДІ ЭКОЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
⠀VI. САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
⠀VII. ҰЛТТЫҢ ҰЙЫСУЫ – ОДАН ӘРІ ДАМУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ
⠀Басты міндет – жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру.
⠀Отаншылдық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты
қасиеттер дәріптелуі керек.
⠀Мемлекетіміздің болашағы үшін біз ішкі тұрақтылық пен жалпыұлттық бірлігімізді сақтап,
нығайтуға міндеттіміз.