Конкурс "Ең үздік тіл дамыту бұрышы"
2013ж 25.09. бастап 2013ж.10.10. дейін № 46 балабақшада "Ең үздік тіл дамыту бұрышы" конкурс өтті. конкурсқа 12 топ қатысты.
Тіл дамыту бұрышын ресімдеуге және мазмұнына қойылатын басты талаптар:
- Балабақшаның жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнына, балалардың тілдерін жетілдіру нормаларының физиологиялық және психолого-педагогикалық ерекшеліктеріне сәйкес болу керек.
- Тіл дамыту бұрышында орналасқан материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне, топтарына сәйкес болу керек.
- Ересектердің басшылығымен өткізілетін тіл дамыту іс-әрекетінде қолданылатын, тіл дамыту бұрышында орналасқан құралдардың әр түрлі болуын қамтамасыз ету керек.
- Балалардың өздіктерімен жұмыс жасауға арналған дидактикалық материалдар әр түрлі және тиімді болу керек.
- Бұрышты көркем және эстетикалық ресімдеу керек
Конкурс қорытындысы бойынша "Жұлдыздар" тобына жүлделі орын берілді.
Құттықтаймыз!