Телефон доверия
+7 (718)2 60-84-45
Адрес: ул. Павлова 82/1
«Достық» тренингі
09-11-2017 17:29
    «Достық» тренингі

Мақсаты: тәрбиешілер мен ата-аналар арасында өзара қарым-қатынасын жақсарту. Ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.
Ата-аналар орты шығып шеңбер болып дөңгеленіп тұрайық. Мына дөнгелек жіпті кезектен бір-бірімізге беріп : аты-жөнімізді, мамандығымызды, бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіреміз. Мысалы: Менің атым: Әсия Телманова Ғиниятқызы. Мен «Жасұлан» балалар бақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Мен сізге әркез достықты болайық дегім келеді- деп жіпті қолымызға ұстап келесі ата-анамызға жалғаймыз. Жалғай-жалғай келе үлкен достық шеңбері шығады. Міне осындай үлкен достықта, жіп берік, ажырамастай, тату, бірлікте болайық..